Солтүстік Қазақстанда тұтас отбасы тамақтан уланып, екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дәрігерлердің мәліметінше, 3-ші баланың да жағдайы ауыр. Анасы бірқалыпты.
Туыстарының айтуынша, балалардың анасы дүкеннен тұшпара мен шұжық алған. Кешкі астан кейін 3 жасар бала үйінде қайтыс болып, 6 жасар баласы ауруханада көз жұмды.
Екі баланың мәйіті сараптамаға жіберілді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - делінген Qazaqstantv таратқан ақпаратта.