Үшеуі – ұл, екеуі – қыз бала. Еліміздің 20 миллионыншы азаматтары кім екені белгілі болды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ  - архив 16 Қараша 2023 2023, 11:17
16 Қараша 2023 2023, 11:17
5447
Фото: - архив

Бұл туралы Ұлттық  статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жетті.

Еліміздің 20 миллионыншы азаматтары 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да дүниеге келген 5 бала болды.

Олар Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың үшеуі – ұл, екеуі – қыз бала.

1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 млн. адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3%-ға өсті.

Бүгін Мемлекет басшысы отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтағанын айта кетейік. 

Наверх