"Үшарал - Достық" жолы жабылды

17 Желтоқсан 2021, 18:15
1419
Бөлісу:
"Үшарал - Достық" жолы жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрлері үшін тас жол жабылды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Алматы облыстық бөлімшесінің мәліметінше, 17 желтоқсанда сағат 11:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар "Үшарал — Достық" тасжолы (84-184 шақырым, Көктума ауылы — Достық ауылы) жабылды, — деп хабарлады Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Алматы облыстық ТЖД азаматтардың осы бағытқа жолға шықпауын және 112 қызметінің хабарламасына назар аударуды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы