Ұшақта темекі шеккен екі жолаушыға айыппұл салынды

18 Шілде 2023, 22:14
710
Бөлісу:
Ұшақта темекі шеккен екі жолаушыға айыппұл салынды

Пхукет – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне акт бойынша екі жолаушы әйел берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақ бортында электронды темекі шеккен Алматы қаласының 36 және 37 жастағы екі тұрғынын анықтады. 

Тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі (Әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, тұтынудың электрондық жүйелерін тұтыну) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. 

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейсінен 60 азаматты түсірді, оның ішінде әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін 29 адам түсірілген.

Өзгелердің жаңалығы