Ұшақ теңізге құлап, алты адам қаза тапты

Бүгiн, 12:47
502
Бөлісу:
Ұшақ теңізге құлап, алты адам қаза тапты
Фото: pixabay.com

Гондураста Lanhsa әуе компаниясының ұшағы алғашқы минуттарда теңізге құлап, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Lanhsa әуе компаниясына тиесілі ұшақ Роатан аралындағы әуежайдан көтеріле салысымен апатқа ұшырады. Гондурастың азаматтық авиация агенттігі (AHA) бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлады.

Ұшақ бортында 15 жолаушы болған. Олардың алтауы қайтыс болғаны анықталды. Әуе кемесі Ла-Сейба қаласына бағыт алған.

Jetstream 32 ұшағы Гильермо Андерсон атындағы әуежайға қарай коммерциялық рейс орындаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше секунд ішінде теңізге құлаған. Бортта екі экипаж мүшесі мен 15 жолаушы болған, – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Пенсильванияда Beechcraft Bonanza үлгісіндегі бір моторлы ұшақ апатқа ұшыраған болатын. АҚШ-тың Федералды авиация басқармасының (FAA) мәліметінше, ұшақта бес адам болған.

Өзгелердің жаңалығы