Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне берді.
Полиция қызметкерлері ұшақ бортында темекі шеккен ҚХР-ның 48 жастағы азаматын анықтады.
Аталған факт бойынша шетел азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.