Ұшақ билеті бір жылда 17%-ға қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
EnergyProm дерегіне сәйкес, 2022 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша әуе көлігімен жолаушы тасымал қызметі құны бір жылда 16,8%-ға өсті.
Өңірлер бойынша ең көп Батыс Қазақстан облысында қымбаттады: бірден 67%. Одан кейін Абай (57,3% қымбаттады) және Қостанай (43,2% қымбаттады) облыстары.
ҚР-ның 20 өңірінің ішінде тек Ұлытау және Алматы облыстарында ғана баға төмендеді: тиісінше 20,8% және 3,9%.
2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында әуе компаниялары 11 млн жолаушы тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғыдан 16,5% көп. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді: 7,4 млн жолаушы, бір жылда 11% көбейді. Одан кейін Шымкент (3 млн жолаушы) мен Астана (562,5 мың жолаушы), - деп делінген ақпаратта.
Жолаушылар айналымы 20,1 млрд жкм болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 35,7%-ға көп.
Былтырғы қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша, әуе көлігімен жүк пен багаж тасымалы 24,5 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 27,9% аз. Әуе жүк тасымалы республиканың үш өңірінде — Алматыда (14,7 мың тонна), Шымкентте (6,3 мың тонна) және Астанада (3,5 мың тонна) ғана тіркелді.
Қаңтар–желтоқсанда жүк айналымы 54,4 млн ткм құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 33,3%-ға аз.