Оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Астанадан Ақтауға дәрігерлерді жіберіп, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Айта кетейік, сағат 11:10 Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады.
Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтау маңында құспен соқтығысып, артынша рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады.
Baza телеграм-арнасы ұшақта болған адамдардың тізімін жариялады.
Оқи отырыңыз: