Ұшақ апаты: Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр – ТЖМ

Кеше, 16:41
221
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр – ТЖМ
Фото: ТЖМ

Ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Астана қаласындағы Командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел желі телефондары жұмыс істейді (8-7172-55-96-21, 55-96-83, 8-7292-31-90-91), оған 373 қоңырау түсті.

Ұшақ апаты: Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр – ТЖМ

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімі нақтыланып жатыр. Ақтау қаласына Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Фаттах оглы Гейдаров жетті.

ТЖМ Командалық орталығының базасында республикалық штаб құрылды, оның құрамына Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Сыртқы істер министрлігінің және басқа да ұйымдардың өкілдері кірді.

Осы сағатта барлығы жеке құрамнан 432 адам және 79 техника бар. Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сағат 11:10-да Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшыраған еді. Апатқа ұшыраған ұшақта 6 қазақстандық болған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. Бас прокуратура Ақтау маңындағы әуе апатын тергеу үшін ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Маңғыстау облыстықауруханасына ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адам ауруханаға жатқызылды, 11 адамның жағдайы ауыр.

Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты. Президент зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы