Ұшақта темекі шеккендерге қомақты айыппұл салынады

9 Тамыз 2019, 16:19
2646
Бөлісу:
Ұшақта темекі шеккендерге қомақты айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Эйр Астана» ұшақта темекі шеккендерге салынатын айыппұл мөлшері өскені туралы ескертті. Оның көлемі 50 АЕК, яғни 126 250 теңгені құрайды.

2019 жылғы сәуір айында Әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексінің «Темекі өнімдері мен электронды темекіні жеке қоғам орындарда тұтынуға тыйымды бұзу» 441 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Түзетулерге сәйкес Қазақстанда ұшақ бортында шылым шеккені үшін айыппұл мөлшері 50 АЕК-ті құрады, яғни 126 250 теңге. 2015 жылы бұл 3 АЕК (5 946 теңге) құраған. Жаңа ережелер бойынша 2019 жылғы мамырдан бастап 26 жолаушыға шылым шеккені үшін айыппұл салынған.

"2018 жылы 2015 жылмен салыстырғанда «Эйр Астана» бортында темекі шеккен жолаушылардың саны 34% өсіп кеткен, 123 оқиғадан 166-қа дейін. Ең жиі мұндай бұзушылық Алматы мен Ыстамбұл, Алматы мен Мәскеу және Алматы мен Киев арасындағы рейстерде орын алады. Осыған орай әуекомпаниясы ұшақ ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы жолаушыларды ескертеді. Ұшу қауіпсіздігі  - ең басты құндылық. Ұшақ бортында ережелерді бұзғаны жолаушы барған елдің заңына сәйкес құқық қорғау органдарына тапсырылады", - делінген таратылған ақпаратта.

Басқа мемлекеттердің заңында әуе кемесінің бортында шылым шегу қоғамдық жерде шылым шеккеннен әлдеқайда жоғары заң бұзушылыққа жатқызылады. Мысалы, Ұлыбританияда ұшақ бортында шылым шеккендерге 2500 фунт айыппұл қарастырылса, Жапонияда айыппұл 500 мың иенді құрайды (шамамен 4,8 мың АҚШ доллары).

Өзгелердің жаңалығы