Үш жыл бойы заңсыз газ тасымалдағандар сотталды

1 Ақпан 2021, 23:19
1415
Бөлісу:
Үш жыл бойы заңсыз газ тасымалдағандар сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте сұйылтылған газдың аса ірі көлемдегі экономикалық контрабандасы мен заңсыз тасымалдау деректері анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметтеріне сәйкес Шымкент қаласының екі тұрғыны 2017 жылдан 2020 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта құжаттарды жалған мәлімдей отырып, Тәжікстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасының аумағына 700 тоннадан астам сұйылтылған газды заңсыз тасымалдаған және экспорттаған - делінген хабарламада.

Шымкент қаласының Абай аудандық соты іс бойынша екі айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айырды (ҚР ҚК-нің 234-б. 2-б. 1) және 4-тармақтары, 197-б. 4-б. 2-тармағы).

Мемлекет кірісіне жалпы сомасы 110 млн теңгеге 720,8 тонна сұйылтылған газ айналдырылды.

Өзгелердің жаңалығы