Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елорда олимпиадалық күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында үш салмақ бойынша белдесулер басталды.
Оқи отырыңыз:
Атап айтқанда, 60 келі, 77 және 130 келінің балуандары жарыс жолына шықты. Қазақстан намысын Mейрамбек Айнағұлов, Асхат Ділмұхамедов, Maнсұр Шадукаевтар қорғайды:
130 келі: Konsta Johannes Maeenpaeae (FIN) vs. Maнсұр Шадукаев (KAZ)
60 келі: Mейрамбек Айнағұлов (KAZ) vs. Marat Garipov (BRA)
77 келі: Асхат Ділмұхамедов (KAZ) vs. Winner 302 (Oldrich Varga (CZE) vs. Rabie K. A. Khalil (PLE)).
Асхат Ділмұхамедов - 2018 жылғы Азия чемпионы. 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысқан.
Айта кетейік, Қазақстан астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатына 60-тан астам Олимпиада чемпиондары келді.
Чемпионатта 1002 балуан бақ сынап жатыр. Олар 104 елдің намысын қорғайды. Әлем біріншілігі туралы ақпарат таратуға 250-ден астам журналист тіркелді.