Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК еліміздегі қалалардың ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды.
Синоптиктер болжамына сәйкес, 19 сәуірде Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.