Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

19 Сәуір 2022, 21:11
1333
Бөлісу:
Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 сәуірде еліміздің үш облысында найзағай мен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

20 сәуірде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел күндіз облыс орталығында 15-20 м/с қалпында сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

20-22 сәуірде Алматы облысында солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күн күркіреген кезде 17-22 м/с, Алакөл көлінің маңында 25 м/с жел тұрады.

Еске сала кетейік, синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады деп болжаған болатын. Республика бойынша желдің күшеюі байқалады.

Өзгелердің жаңалығы