11 қаңтар, сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райының салдарынан үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың бес учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысында – 2 учаске:
"Алматы-Ташкент-Термез" 534-593-шақырым, Айша-Бибі а.- Түркістан обл. шек. – 59-шақырым.
"Алматы-Ташкент-Термез" 159-238-шақырым, Кенен а.- Қайнар а. – 79-шақырым.
Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.
Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске:
"Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" 65-194-шақырым, Возвышенка а.-Қиялы а.– 129-шақырым.
"Көкшетау-Омск" 213-280-шақырым, Кішкенекөл а.- РФ.шек. – 67-шақырым.
Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады
Түркістан облысында – 1 учаске:
"Алматы-Ташкент-Термез" 593-654 км, Жамбыл обл. шек.- Жібек Жолы а. (Машат өткелі) – км.
Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 827 бірлік техника және 1 533 қызметкер жұмылдырылды.