Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

1 Қаңтар 2025, 21:45
337
Бөлісу:
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Қазавтожол

1 қаңтар сағат 20:00-де еліміздің үш өңіріндегі көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Мұндай шешімге ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысында: 
- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

Ақмола облысында:
- «Жезқазған-Петропавл» 377-536 шақырым, (Қостанай облысының шекарасынан Бұзылық ауылына дейін);

Ұлытау облысында:
- "Жезқазған-Петропавл" автожолының 136-252 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін)

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, бұл трассаларды 2 қаңтар сағат 09:00-де жолды ашу жоспарланған.

Жолдардағы ахуалға қатысты қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына тәуліктің кез келген уақытында хабарласып алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы