ҚазАвтожол үш облыста көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 1 желтоқсан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Қарағанды облысы:
1. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 788-906 шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы.
2. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы.
3. "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласы.
Ұлытау облысы:
1. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығы, Жаңаарқа ауылы - Қарағанды облысының шекарасы.
Павлодар облысы:
1. Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы - Шідерті ауылы.
Жолды 2024 жылғы 2 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарлануда.