Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үш немересін велосипедке мінгізіп алып жүрген әже қаза тапты

7 Шілде 2025, 15:04
1759
Бөлісу:
 velomesto.com
Фото: velomesto.com

Павлодарда 69 жастағы әйел веломобильмен қоршауға соғылып, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодароблыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасы келген әйел төрт дөңгелекті велосипедпен қызы және үш немересімен бірге серуендеп жүрген. Алайда төменге түсу кезінде рөлге ие бола алмай, велосипед қатты жылдамдықпен темір қоршауға соғылған.

Оқиға бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 6 шілдеде сағат 23:08-де түскен.

69 жастағы әйел ауыр жарақат алғаны анықталды. 2010, 2015 және 2018 жылы туған үш қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккен 39 жастағы әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.

 

Өзгелердің жаңалығы