Үш апта бойы халыққа ештеңе түсіндіре алмауларыңыздың сыры белгілі болды – Нығматулин БЖЗҚ басшысын сынға алды

15 Желтоқсан 2021, 11:18
1855
Бөлісу:
Үш апта бойы халыққа ештеңе түсіндіре алмауларыңыздың сыры белгілі болды – Нығматулин БЖЗҚ басшысын сынға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ғалымжан Елеуов зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты сұрақ қойды.

Ол өз сауалын «Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ өкіліне бағыттады.

Заң жобасының жаңалықтарының бірі – ерлі-зайыптылардың зейнетақы аниутеті өндіру. Осылайша зейнетақы аниутетін жасасу кезінде ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік беріледі. Атап айтқанда, заң жобасында зейнетақымен қамтсыздандыру туралы заңға толықтыру ұсынылады. Оған сәйкес зейнетақы аниутеті шартының тарапы ерлі-зайыптылар немесе жақын туыс және бір мезгілде сақтандырушы бола алатын екі сақтанушы болуы мүмкін. Осы ретте жаңалықтың артықшылығы неде? Неке бұзылған немесе ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс боғлан жағдайда бірлескен аниутет бойынша зейнетақы жинақтары қалай бөлінеді? – деп сұрады депутат.

Өз кезегінде «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов былай деп жауап берді.

Азаматтарымызға заңға сәйкес таңдау жасауға екі мүмкіндік беріледі. Біріншісі, қордың кестесі бойынша төлемдерді алуға болады. Екіншісі, сақтандыру компаниясынан өмір бойы кесте бойынша төлемдерді ала алады. Заң жобасының осы нормалары екіншісі нұсқаны кеңейтеді. Әрине, өмірде әр түрлі жағдайлар болады. Мысалы, қайтыс болғанда немесе ажырасқан жағдайда. Заң жобасы аясында осындай мәселелер шешіледі, - деп жауап берді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин спикерден қалай шешілетінін қайталап сұрады.

Қалай шешуге болады? «Шешуге болады» деп үшінші рет айтып отырсыз. Біріншісі, қайтыс болған жағдайда қалай бөлінеді? Маған сіздің жақтан бір айдың ішінде халықтың, елдің алдына шығып, жауап болмағаны енді түсінікті болды. Бір мәселеге жауап бере алмайсыз. Тікелей сұраққа оң жақтан да, сол жақтан да кіретін есіктен жолды іздеп, жауап беру керек. Депутат нақты сұрақ қойды. Ол үшін екі мәселе шешу керек. Біздің заң мен сіздердің бұйрықтарыңыз бойынша. Қалай басқарып жүргеніңізді білмейсіз. Сіздердің регламенттеріңіз бойынша екі қадамды ғана жасау керек. Соны айта алмай жүрсіз. Үш апта бойы халыққа шекті сома бойынша ештеңе түсіндіре алмағандарыңыз енді түсінікті болды, - деді Мәжіліс спикері.

Нұрлан Нығматулин Жанат Құрмановқа Мәжіліске дайындықпен келу керегін ескертті.

Өзгелердің жаңалығы