USAID және ЛГБТ ұйымдарына қарсы петиция жарияланды

Кеше, 19:27
241
Бөлісу:
USAID және ЛГБТ ұйымдарына қарсы петиция жарияланды

Қоғам белсендісі Бағила Балтабаева Мәдениет және ақпарат министрлігіне петиция жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ epetition.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде USAID ұйымы жабылсын! ЛГБТ және оларды қаржыландыратын ұйымдарға тыйым салынсын! Қазақстан мемлекетіне егеменділікпен бірге сырттан кірген қасіреттің бірі ЛГБТ ұйымдарының астарлы саясатымен үгіт-насихаттары болды! Бір жынысты қарым-қатынасты ашық түрде насихаттаған бұл ұйымдардың ұлтқа балташабар іс-әрекеттерінің ұрпақ үшін тигізген зияны орасан! Аз халықтың жартысы бір жынысты болып кетсе, ұлт ретінде жойылу қауіпі айтпасада белгілі. Әр мемлекеттің ішінен іріткі салып ыдырату үшін сол мемлекеттің өскелең ұрпағының санасына қол сұғу арқылы, құйтырқы мақсаттарына жетеді! Сол сияқты Қазақстан мемлекетінде азғындық бағытында жұмыс жасап келген USAID (АҚШ Халықаралық даму агенттігінің) ұйымының жабылуына АҚШ Президенті Дональд Трамптың өзі бұйрық берді. Бұл ұйым өз қызметін барлық мемлекеттерде тоқтатып жатыр. Мысалы таяуда Әзірбайжан USAID-тың қыметіне тиым салды. Сондықтан олардың Қазақстаннан да кетуін және оған тиым салынуын талап етеміз! 2025 жылы 21 қаңтарда АҚШ Президенті Дональд Трамп ЛГБТ ұйымдарының іс-әрекетіне, үгіт-насихатына толық тыйым салды және де АҚШ-та бұдан бұлай гендер тек екі жыныстан ғана болатынын кесіп айтты, - делінген петицияда.

Бағила Балтабаеваның петициясында бірқатар ұйымдарды тексеру туралы айтылған.

USAID (АҚШ Халықаралық даму агенттігінің) Қазақстанға 1992 жылы келген, сол уақыттан бері жақсы атты жамылып, бірақ іс жүзінде азғындыққа, қоғамды іштен іріткі салып, бүлінуге бағытталған жобаларды қаржыландырып келген! Соның ішінде Қазақстандағы гомосексуалисттер мен трансгендерлердің яғни ЛГБТ өкілдерінің және ұйымдарының біздің елде пайда болуына себепші болған және соларды қазақстандық қоғам «дұрыс» қабылдауына бағытталған жобаларды барынша қаржыландырып келген. Мысалы, 2001-2024 жылдар аралығында осы бағытқа бөлінген яғни қаржыландырған сомманың көлемі 2,07 млрд. долларды құраған(!) Қаржы алған ұйымдар өте көп, соның ішінде елімізде белгілі ұйымдар, қоғам белсенділері және құқық қорғаушылар да бар. БАҚ-та жарияланған ақпарат бойынша келесі ұйымдар мен белсенділер USAID-тен тікелей және сенім білдірген ұйымдар арқылы қаржыландырылған: "Feminita.kz", ОО "Қадыр-қасиет", ОО "Десента", "Oyan, Qazaqstan", ЛГБТ өкілдері Ж.Секербаева, Г.Сержан және осы сияқты ұйымдар мен ЛГБТ өкілдері көп. USAID сияқты шетелден келген ұйымдар көп екені белгілі, соның ішінде күмән тудыратын ұйымдар: "Фонд Сорос – Казахстан", "Норвежский Хельсинский Комитет", "Фонд имени Фридриха Эберта", "ILGA-Europe", "Фонд Евразия Центральная Азия", "COC Nederland", "NED", "NDI" осы және осы сияқты ұйымдардың қаржыландыруын, бағыттарын, мақсаттарын, іс-әрекеттерін, үгіт-насихаттарын ҚР Үкіметі тарапынан толық тексеруін талап етемін! Петицияның негізгі мақсаты: Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан мемлекетінде ЛГБТ ұйымдарына және азғындықты насихаттап жүрген ұйымдарға заң жүзінде толықтай қатаң тыйым салуын талап етемін! USAID (АҚШ Халықаралық даму агенттігі) ұйымын тексеріп және біздің елде қызметіне заңмен тыйым салынсын,  - деп жазды петицияда қоғам белсендісі Бағила Балтабаева.

 

Өзгелердің жаңалығы