Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үрейлі сәт: Қарағандыда көлік ана мен баланы қағып кете жаздады

27 Маусым 2025, 14:47
1531
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Қарағанды қаласындағы 12-ші ықшамауданда бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар жұрттың зәресін ұшырды. Көлік жаяу жүргінші жолында арба (коляска) сүйреп келе жатқан ананы қағып кете жаздаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Видеодан көліктің қатты жылдамдықпен келгенін көруге болады. 

Анықталғандай, бала мен ананың өміріне қауіп төндірген көлік басқа бір көлікпен соқтығысқан. Бейнежазбада көліктің жол шетінде кетіп бара жатқан әйел мен баланың дәл қасына келіп, тоқтап үлгергені анық көрінеді.

Оқиға сәті әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, тұрғындар арасында қызу талқыға түсті.

Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді.

24 маусымда Қарағанды қаласының 12-ші шағынауданында Range Rover мен Volkswagen Passat көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға салдарынан Passat автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жүргізушілер жолға шыққан бүлдіршінді құтқарып қалған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы