Облыс әкімі өртті сөндіруге жұмылдырылған күштермен бірге Озерки ауылдық округіне қарасты Каштак және Талица елді мекендеріне іргелес ормандардағы жағдайды зерделеп, өрт сөндірушілердің іс-қимылдарын үйлестіру бойынша жұмыстарды ретке келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстағы орман өртін тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылданды. Бұдан кейін Премьер-министрдің төрағалығымен кеңес өтті.
Одан әрі Нұрлан Ұранхаев Мемлекет басшысының қаза болған орманшылардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ өрт кезінде зардап шеккендерді қолдау және жедел түрде көмек көрсету туралы тапсырмасын орындау үшін Бородулиха ауданына аттанды.
Бұдан кейін аймақ басшысы Шүлбі аймағындағы, Жерновка, Барышевка, Успен ауылдарындағы жұмыс барысымен танысты. Ауа райының және жел бағытының мерзімді өзгеруіне байланысты барлық тартылған күштерді реттеу және шоғырландыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру қажет.
Бұл мәселе төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қатысуымен өткен Жедел штабта қаралып, ақпарат тыңдалды. Жалпы, бұрын хабарланғандай, елді мекендерге төнетін барлық қауіп өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеті нәтижесінде барынша азайтылады.