ҰҚШҰ ПА: Сайлауда құқық бұзу анықталған жоқ

20 Наурыз 2023, 11:29
894
Бөлісу:
ҰҚШҰ ПА: Сайлауда құқық бұзу анықталған жоқ
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары, ҰҚШҰ ПА әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Маркевич сайлауда құқық бұзу анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҰҚШҰ ПА: Сайлауда құқық бұзу анықталған жоқ

Халықаралық байқаушылар құрамына Армения, Беларусь және Қырғыз Республикаларынан, Ресей Федерациясынан, Тәжікстаннан, сонымен бірге ҰҚШҰ ПА хатшылығынан байқаушылар бар. Біз саяси бейтараптылық, сайлау процесін жүргізуге араласпау, қатаң түрде ҚР заңнамасын сақтап, жұмыстарымызды жүргіздік, - деді халықаралық байқаушы.

ҰҚШҰ ПА: Сайлауда құқық бұзу анықталған жоқ

Сонымен бірге ол миссия демократиялық сайлау туралы конвенция, ТМД елдеріндегі тәртіптерді, заңнаманы сақтап отырып, жұмыс істегенін айтады.

Сайлау алдында саяси партия өкілдерімен кездестік. Сенат төрағасымен, Кәсіподақтар федерациясымен кездестік. Сайлау басталғанда сайлау учаскелеріне барып, ашылғанын көрдік. Сайлаушыларды сайлауға қалай өткізіп жатқанын, қандай көрнекі ақпараттар бар екенін байқадық. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға учаскелерге кіруге қандай жағдай жасалғанын тексердік. Онымен қоса, бюллетеньдерді беру, дауыс беру тәртібін де байқадық, - деп түсіндірді Александр Маркевич брифингте.

ҰҚШҰ ПА: Сайлауда құқық бұзу анықталған жоқ

Миссия 11 сайлау учаскесінде болған. Оның 8-і Астанада, қалған 3 сайлау учаскесі Ақмола облысында орналасқан.

Миссия өздерінің мәлімдемелерін жасады.

ҰҚШҰ ПА: Сайлауда құқық бұзу анықталған жоқ

Сайлау Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес өткізілді. Бюллетеньдерді беру, сайлау процесін ұйымдастыру, дауыстарды есептеу бойынша құқық бұзылғанын байқаған жоқпыз. Қазақстанда жүйелі, нысаналы түрде саяси реформалар жүргізіліп жатыр. Сайлаушылардың сайлау науқанына деген қызығушылығын көрдік. Оған олардың дауыс беруі дәлел. Мысалы, Ақмола облысында біз болған сайлау учаскелерінде сайлаушылардың 60 пайызы келгенін көрдік. Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп сақталды. Әріптестерімізбен бірге жүргенде «пагондағыларды» көрген жоқпыз. Әрине қауіпсіздік шаралары қабылданған. Дегенмен сайлаушылардың саналы түрде дауыс беруге келіп жатқанын және қоғамдық тәртіп жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрдік, - деп сөзін толықтырды халықаралық байқаушы.

Бұған дейін шетелдік байқаушылар сайлау учаскелерінде қандай қызықты жайттарды байқағанын айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы