Сайлау учаскелерінде түйемен келгендерді байқамадық – халықаралық байқаушылар

20 Наурыз 2023, 11:02
791
Бөлісу:
Сайлау учаскелерінде түйемен келгендерді байқамадық – халықаралық байқаушылар
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Шетелдік байқаушылар сайлау учаскелерінде түйемен, атпен және түрлі костюммен келген сайлаушыларды байқамағандарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шетелдік байқаушылардан сайлау учаскелерінде қандай қызықты жайттарды байқағанын сұрадық. Түркия Сыртқы істер министрлігінің елшісі Фатма Джерен Язган журналистердің сұрағына алғашқылардың бірі болып жауап берді. 

Біз басқа учаскелерде жүрген болуымыз керек. Өйткені біз барған жерлерде ондай қызықты сәттер болмады. Барлығы қалыпты жағдайда өтіп, адамдар келіп таңдау жасап, кетіп жатты. Біз ерекше ештеңе байқамадық, түйелерді көрмедік, - деді байқаушы.

Сайлау учаскелерінде түйемен келгендерді байқамадық – халықаралық байқаушылар

Шетелдік байқаушылар миссиясы мұндай ерекше сәтті өткізіп алдық дейді.

Ал Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров ұлттық киім киген сайлау учаскесі мүшелерін көргенін айтты.

Сайлау учаскелерінде түйемен келгендерді байқамадық – халықаралық байқаушылар

Ерекше байқағаным – сайлау учаскесі мүшелері ұлттық киімдерде жүрді. Бұл бір жағынан Наурыз мейрамын тойлау басталғандықтан болар. Алайда бұл біздің назарымызды аударарлықтай болды, - дейді халықаралық байқаушы брифингте.

Сонымен қатар енді 18 жасқа толған азаматтар да алғаш рет сайлауға келгендерін айтты.

Бұл олар үшін алғашқы сайлау болған. Олар үшін де құттықтау ұйымдастырылған. Сайлау комиссиясы мүшелерінің сайлауға алғаш келгендерді құттықтап, естелік сыйлық беріп жатқанын байқадық. Сонымен қатар сайлау учаскелерінде құлаққа жағымды әдемі әуен болғанын айта кеткен жөн, - деп сөзін толықтырды Сади Джафаров.

Сайлау учаскелерінде түйемен келгендерді байқамадық – халықаралық байқаушылар

Бұған дейін Халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен брифингте Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясы сайлау ашық, әділ өткенін мәлімдегенін хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы