ҰҚШҰ кеңесі отырысының өтуіне байланысты Астанада көшелер жабылады

Бүгiн, 21:46
95
Бөлісу:
ҰҚШҰ кеңесі отырысының өтуіне байланысты Астанада көшелер жабылады
Фото: BAQ.KZ - архив

Елорда көшелерінің жекелеген учаскелерінде 28 қараша күні шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі отырысының өтуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция департаментінің мәліметінше, 28 қараша күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін мына көшелерде қозғалыс толықтай шектеледі: Ж.Нәжімеденов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейін) және Аманжолов көшесі (Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін).

Осыған байланысты мына маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді: №14, 32, 43, 50, 66, 84. Қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін болады. Дайындық іс-шараларына ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиация мен техниканың ресурстарын пайдалану көзделген, - деп атап өтті Мемлекеттік күзет қызметінің хабарламасында.

27 қарашада ҚР ҚМ фронтты авиациясының қала үстінен ұшуы жоспарланған.

Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген баспасөз хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы