ҰҚК: Зорлық-зомбылықты насихаттаған 5 қазақстандық ұсталды

3 Қыркүйек 2024, 11:01
479
Бөлісу:
ҰҚК: Зорлық-зомбылықты насихаттаған 5 қазақстандық ұсталды
VIDEO
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы жылдың тамызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді.

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдікке ілінді. Заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде 3 граната бар. Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған. Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетейік, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы