ҰҚК: Терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

2024 жылғы 22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҰҚК баспасөз қызметі 23 Мамыр 2024 2024, 09:18
23 Мамыр 2024 2024, 09:18
816
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2024 жылғы 22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ол терроризмді насихаттады деп күдіктелуде.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Наверх