ҰҚК баспасөз қызметі лауазымды адамдардың ұсталғаны туралы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
Биылғы жылдың 10 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады.
Олар заңсыз келген шетел азаматтарына жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген ведомство хабарламасында.
Оқи отырыңыз: