ҰҚК. "Қорғастағы" иесіз дәрі-дәрмек

<h4>Астана, BAQ.KZ. «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар Қазақстанға кіре беріс залдан жалпы салмағы 209 кг иесіз жүк тауып алды.</h4>

 6 Ақпан 2019 2019, 22:56
6 Ақпан 2019 2019, 22:56
2638

Астана, BAQ.KZ. «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар Қазақстанға кіре беріс залдан жалпы салмағы 209 кг иесіз жүк тауып алды.

"Рұқсат қағаздары жоқ жүк түгелімен Қытайда шығарылған дәрі-дәрмек екен. Тауар иесі, жақындап келе жатқан шекарашыларды көрген кезде жүгін тастай салып, тайып отырса керек. Табылған дәрі-дәрмек актіленіп, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды" - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Наверх