ҰҚК: Елде қос азаматтығы бар 233 адам анықталды

21 Маусым 2023, 12:19
818
Бөлісу:
ҰҚК: Елде қос азаматтығы бар 233 адам анықталды
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ Архив

ҰҚК Шекара қызметі мемлекетіміздің шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жыл басынан шетелдіктер (Индия, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) мен ҚР азаматтарының жасанды және өзге адамның құжаттарын пайдалануының 150 фактісі әшкереленді. Қос азаматтығы бар 233 адам анықталды, - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Жалпы сомасы 2,5 млрд болатын 300-ден астам заңсыз валюта айналымының алды алынды.

Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізбек болған 153 әрекеттің жолы кесілді. Бұл қылмыстар бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды.

Одан бөлек, көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы орайда, ҰҚК Шекара қызметі шекарадан өту мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтау қажеттігін хабарлайды.

Өзгелердің жаңалығы