Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ҰҚК экстремистік топ мүшелерін ұстады

24 Қаңтар 2025, 10:20
677
Бөлісу:
VIDEO

Ағымдағы жылғы 22 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен 4 Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деп күдіктелуде.

Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы