ҰҚК: Діни-экстремистік ұйымның 12 мүшесі сотталды

27 мамырда діни-экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастырды және оған қатысты деген айыппен 12 Қазақстан азаматына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 - архив 31 Мамыр 2025 2025, 12:03
31 Мамыр 2025 2025, 12:03
1081
Фото: - архив

27 мамырда діни-экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастырды және оған қатысты деген айыппен 12 Қазақстан азаматына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында сотталғандардың Қазақстан аумағында экстремистік және террористік идеологияны таратқаны, діни алауыздықты қоздырғаны және жаңа жақтастарды тартумен айналысқаны анықталған.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен олар 9 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылардың көпшілігі бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, полиция қызметкерін өлтіру, қарақшылық, тонау, адам ұрлау және есірткі құралдарын өткізу фактілері бар.

Наверх