ҰҚК ауған есірткі контрабандасына тосқауыл қойды

Бүгiн, 09:09
186
Бөлісу:
ҰҚК ауған есірткі контрабандасына тосқауыл қойды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, «Солтүстік бағыт» деп аталатын ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК-не сілтеме жасап.

Осы жылдың тамызындағы операция қорытындысы бойынша Ресейдің шекаралас аудандарының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі қатысушысы ұсталды.

Тінту барысында олардан «қара» нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 50 кг-ға жуық гашиш алынды.

Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Шет елдердің құзыретті органдарымен бірлескен халықаралық есірткі трафигіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы