Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Уолл-стрит қайта жанданды: АҚШ-та акциялар күрт қымбаттады

Бүгiн, 09:39
201
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ақпан айы Уолл-стритте акциялардың өсімімен басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Bloomberg таратқан мәліметке сүйенсек, инвесторлардың көңіл-күйін өндірістік сектор бойынша шыққан сенімді деректер көтеріп отыр. Жеткізілімдерді басқару институтының (ISM) өндірістік белсенділік индексі қаңтарда 47,9-дан 52,6-ға дейін күрт өсті.

Бұл көрсеткіш АҚШ-та өндіріс көлемі кеңейіп жатқанын аңғартады және аналитиктердің барлық болжамынан жоғары шықты. Capital Economics сарапшысы Александра Браунның айтуынша, "бірнеше жылға созылған құлдыраудан кейін өндірістік сектор дағдарыстан шыға бастады".

Кеше сауда қорытындысы бойынша S&P 500 индексі 0,54%-ға, Nasdaq – 0,56%-ға, Dow – 1,05%-ға көтерілді. Өндіріс саласындағы компаниялардың акциялары жақсы саудаланды. Сонымен қатар S&P 500 үш күндік төмендеуді тоқтатты. Russell 2000 индексі 1%-ға өсті.

Сарапшылар АҚШ-тағы қаржылық есеп беру маусымына да оптимистік көзқараста. Glenmede компаниясының өкілдері Джейсон Прайд пен Майкл Рейнольдстың пікірінше, акциялардың көп санатында табыстың өсімі 2026 жылы да сақталады.

JPMorgan Chase стратегтері (Мислав Матейка жетекшілік ететін) жоғары табыс көрсеткіштері мен қалыпты инфляция геосаяси және өзге де тәуекелдерге төтеп бере алады деп есептейді. Матейка биыл АҚШ қор нарығы одан әрі кеңейе түседі деп болжайды.

Goldman Sachs Group стратегтерінің айтуынша, америкалық корпорациялардың 2026 жылға арналған табыс болжамдары әзірге тұрақты күйінде қалып отыр.

Өзгелердің жаңалығы