Елімізде Швейцарияның UNWTO академиясы ашылады

13 Ақпан 2020, 16:09
1645
Бөлісу:
Елімізде Швейцарияның UNWTO академиясы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцариялық ең үздік қонақжайлылық және туристік мектептердің өкілдігі және БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНВТО) алғашқы академияларының бірі Қазақстанда ашылады.

Бүгінде мұндай білім беру орталықтары тек Грузияда ғана бар, жуырда Португалия, Швейцарияда және Қытай елдерінде де ашылады.

Аталған оқу орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 129 қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласында құрылған Халықаралық туризм және қонақжайлық университет негізінде жұмыс істейді деп жоспарланған.

Орталықтың алдағы жылдардағы негізгі міндеті - осы салада жұмыс істейтін 1200 маман мен жаңа кадрларды даярлау. Басты назар қонақүйлер мен мейрамханалардың алдыңғы санаттағы мамандары мен бөлімдердің тазалығын жүзеге асыратын, мейрамханада қызмет көрсететін және сату мен маркетинг бағытындаағы орта менеджерлерге бөлінбек.

Орталықты қаржыландыру Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің жоспарланған бюджеті аясында жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қаржыландыруға осы салаға қызығушылар мен маманға тапшы жұмысберушілер және меценаттар да тартылатын болады. 

Еліміздегі туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі - қызмет көрсету сапасын жақсарту. Екі айдың ішінде біз ең беделді швейцариялық "Les Roches" және "SHL" мектептерінің өкілдері және UNWTO-мен келіссөздер жүргізіп, алдағы мәселелерді пысықтап, елге шақырып, Қазақстанда туризм саласында кадрлар даярлайтын заманауи білім беру орталығын құру туралы меморандумға қол қойдық , - деді "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.

Туризм саласының топ-менеджерлері "Les Roches" бағдарламасы аясында дайындалады, SHL кадрларды қайта даярлау функциясын алса, ал, UNWTO-ның өкілдігі білім беру процесін ғылыми, академиялық және аналитикалық қамтамасыз ету, саладағы ең жаңа ақпаратқа, тенденцияларға, ғылыми ақпараттарға қол жетімділікті қамтамасыз етеді.  Мұндай академияның болуы академиялық деңгейде еліміздің тартымдылығын арттыруға көмектеседі: академия шетелдік студенттерді таруға және ЮНВТО халықаралық шараларын Қазақстанда өткізуге сеп болады.

Грузияда мұндай білім беру орталығы бар және біз осы елдің тәжірибесіне жүгіндік. Олар мұндай маңызды оқу орнын ашу және олардың брендін пайдалану үшін 7 жыл жұмсаған. Біздің грузиялық әріптестерімізбен және Грузиядағы UNWTO академиясымен жасалған келісімдердің арқасында білім беру бағдарламаларын тарту және іске қосу мерзімі, лицензия алу құны айтарлықтай қысқарды, - деп қосты Ержан Еркінбаев.

Бүгінде университет қабырғасында аталған білім беру орталығының ұйымдастыру, лицензия алу және қабылдау комиссиясын құру жөнінде іс-шаралар мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы