Үнсіздік күні не істеуге болмайды? - ОСК жауабы

4 Қазан 2024, 13:58
636
Бөлісу:
Үнсіздік күні не істеуге болмайды? - ОСК жауабы
Фото: gov.kz

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумға қатысушыларға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үгіт бүгін 00:00-де аяқталады. Ол уақытқа дейін үгіттеуге болады. Ертең - үнсіздік күні. Бүгін түнде сағат 00:00 кейін үнсіздік күні басталады. Бұл жерде ешқандай үгіт жүргізуге болмайды. Сонымен үнсіздік күні және дауыс беру күні үгітке байланысты кез келген әрекетке тыйым салынады және бұл үшін заңда құқықтық жауапкершілік қарастырылады, - деді Әбдіров ОСК-да өткен брифингте.

Әбдіров үнсіздік күні қоғамдық сауал жүргізуге де тыйым салынатынын атап өтті.

Сонымен бірге қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, референдумға байланысты өзге де зерттеулер, дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын дауыс берілетін күні БАҚ-та және онлайн платформаларды жариялауға жол берілмейді. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пункте қоғамдық пікірге сауал жүргізуге де тыйым салынады. Өтініш, мұны ұмытпайық, - деді ОСК басшысы.

Бұған дейін Таяу-Шығыстағы саяси ахуалға байланысты қай елдерде референдум учаскелері қызметін тоқтататыны, сондай-ақ АЭС бойынша референдум кезінде кімдер байқаушы болатыны туралы хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы