Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл шешім бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың Директорлар кеңесінің шешімінде айтылды. Бұл туралы университет директорлар кеңесінің төрағасы Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді.
Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың Директорлар кеңесінің отырысын өткіздім. Кеңестің шешімімен алғаш рет ғалымдардың еңбегі арқылы қол жеткізілген барлық пайда басқарушылық құрылымды қаржыландыруға емес, ғылыми институттардың өздерін дамытуға жұмсалатын болды - деп жазды сенатор өзінің парақшасында.
Нақтырақ айтқанда, институт кірісі сол институтты дамытуға жұмсалады.
Нақтырақ айтсақ, «2020 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының 51, 907 млн теңге көлеміндегі, «Ә.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агро-орман мелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің 27, 403 млн теңге сомасындағы және «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-нің 187, 406 млн теңге таза кірістері олардың иелігінде, өздерін дамыту мақсаттарына қалдырылсын» деген шешім шығарылды - деді Ақылбек Күрішбаев.