Қазақстанда университет бітірген мамандардың 73%-ы жұмыс берушілердің көңілінен шықпайды

10 Желтоқсан 2019, 14:15
2996
Бөлісу:
Қазақстанда университет бітірген мамандардың 73%-ы жұмыс берушілердің көңілінен шықпайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген рейтинг бойынша еліміздегі ЖОО-дағы білім беру бағдарламаларының 73%-ы жұмыс берушілердің көңілінен шықпайды. Бұл туралы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова айтты. 

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі жыл қатарынан ҚР білім және ғылым министрлігі және "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамымен бірлесіп, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде 2019 жылғы рейтингтің қорытындысы жарияланды. 

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісін дайындады. Бүгінгі күні білім беру бағдарламалары былтырғы жылмен салыстырғанда әдістемесі өзгерді. Жалпы, рейтингте 109 жоғары оқу орнынан 2000 білім беру бағдарламасы қатысты. рейтинг жүргізу барысында негізгі 17 критерий назарға алынды. Олардың ішінде түлектердің жұмысқа орналасуы, олардың орташа жалақысы, оқу аяқталған соң жұмыс іздеу ұзақтығы секілді жағдайлар зерделенді", - деді Г. Көбенова.

Оның айтуынша, жалпы рейтинг жүргізуге 700-ден астам сарапшы қатысып, олар 6 мыңнан астам өздерінің қорытындысын ұсынды.

Сол рейтинг жүргіуздің нәтижесіне тоқталсақ, жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының 73 пайызы жұмыс берушілердің көңілінен шықпай отыр. Жүргізілген рейтинг барысында түлектердің жұмысқа тұруы 74 пайызды құраса, олардың орташа еңбекақысы 103 мың теңгеден асады. Ескеретін жайт, осы «Атамекен» дайындаған білім беру бағдарламаларының рейтингісі жоғары оқу орындарына білім беру тапсырысын орналастыру барысында ең бастысы ескерілетін болады, - комитет төрайымы
Өзгелердің жаңалығы