Универсиада: Үшінші жарыс күні ел құрамасы үшін сәтті аяқталды

Бүгiн, 04:30
140
Бөлісу:
Универсиада: Үшінші жарыс күні ел құрамасы үшін сәтті аяқталды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Дүниежүзілік қысқы универсиадада жарыстың үшінші күні Қазақстан құрамасы тамаша нәтижелерге қол жеткізіп, медаль қоржынын толтырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Қыздар арасындағы фристайл-могулдың финалдық бәсекесіне қос қазақстандық спортшымыз шығып бақ сынасты. Анастасия Городко универсиада ойындарында ел қоржынына екінші алтын медальді сыйласа, Аяулым Әмренова күміс жүлдегер атанып, Қазақстанның тағы бір медальға қол жеткізуіне үлес қосты.

Сонымен қатар Антон Бондарев универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қазір Қазақстанның еншісінде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола бар. Жалпы командалық есепте біздің ұлттық команда екінші орында тұр.

Өзгелердің жаңалығы