Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Универсиада ойындарында ел қоржынына қола жүлде түсті

7 Тамыз 2023, 13:35
1318
Бөлісу:
 qazsporttv.kz
Фото: qazsporttv.kz

Қытайда өтіп жатқан ХХХІ жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына қола жүлде түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ qazsporttv.kz-ға сілтеме жасап.

Жүзу шебері Әділбек Мусин баттерфляй әдісі бойынша 100 метр қашықтықты 52,03 секундта жүзіп өтіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. 

Әділбек осыған дейін Фукуокада өткен Әлем Чемпионатында дәл осы баттерфляй әдісі бойынша Азия және Олимпиада ойындарына жолдама алған еді.

Өзгелердің жаңалығы