UNESCO жас ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер ұсынды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UNESCO Ұлы Жібек жолы&nbsp;мұрасын зерттеуші жастарға жаңа мүмкіндік бермекші. UNESCO-ның&nbsp;жаңа бастамасында жас ғалымдарға бөлінетін стипендияға өтінім беруге шақырады.&nbsp;<br> </p>

26 Қаңтар 2021 2021, 09:20
АВТОР
 26 Қаңтар 2021 2021, 09:20
26 Қаңтар 2021 2021, 09:20
1690

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UNESCO Ұлы Жібек жолы мұрасын зерттеуші жастарға жаңа мүмкіндік бермекші. UNESCO-ның жаңа бастамасында жас ғалымдарға бөлінетін стипендияға өтінім беруге шақырады. 

Бұл туралы БҰҰ жаңалықтарында хабарланды. 

10 мың доллар грант 12 жас ғалымға беріледі:

- Жібек жолының ортақ мұрасы және көпқырлылығы 

- Жібек жолының мәдени саналуандығы 

- Жібек жолы мұрасы қазіргі заманғы шығармашылықтың, мәдениетаралық диалогтың, әлеуметтік тұтастықтың, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықтың негізі ретінде. 

35 жасқа дейінгі аспирантура студенттері грант алуға өтініш бере алады. Зерттеулерге жеке тұлғалар да, жас ғалымдар тобы да қатыса алады. Өтінімдер 18 сәуірге дейін қабылданады. 

Толық ақпаратты UNESCO ресми сайтынан табуға болады.

Наверх