Үндістанның беделді журналында Қазақстан туралы материал жарияланды

3 Желтоқсан 2020, 17:29
1396
Бөлісу:
Үндістанның беделді журналында Қазақстан туралы материал жарияланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бітімгершілік қызмет шеңберіндегі Үндістан мен Қазақстанның өзара тығыз іс-әрекеті әлемде бейбітшілікті сақтауға зор үлес қосады. Бұл туралы Нью-Делиде шығатын Political events журналында жазылды.

Үндістанның беделді журналында Қазақстан туралы материал жарияланды

Үндістан 1948 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиялары үшін бітімгерлермен ауқымды қамтамасыз етуші болып табылады. 

Үндістанның беделді журналында Қазақстан туралы материал жарияланды

Осы уақытқа дейін еліміз аталған ұйымның 71 бітімгершілік миссиясының 49-ына қатысты. 

Үндістанның беделді журналында Қазақстан туралы материал жарияланды

Миссияларға қатысқан әскери қызметшілер мен полицейлердің жалпы саны – 250 мыңнан астам адам.

Үндістанның беделді журналында Қазақстан туралы материал жарияланды

Бұдан басқа, бітімгершілік қызмет ауқымындағы ынтымақтастық Үндістаннан басқа елдермен де белсенді дамуда. Осындай өзара іс-қимылдың жағымды үлгісінің бірі ретінде Үндістан мен Қазақстанның ынтымақтастығын атап өтуге болады. Осылайша Үндістан Азия мен БҰҰ-ның тарихында өзінің бітімгершілік контингентінің құрамына басқа елдің бөлімшелерін қабылдауға келіскен алғашқы ел болды.

Атап айтқанда 2018 жылғы тамызда Қазақстан мен Үндістан арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштеріндегі (United Nations Interim Force In Lebanon-UNIFIL) үндістандық батальон құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістету туралы меморандумға қол қойды.

2018 жылдың қазанынан бастап қазақстандық бітімгершілік рота БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштеріндегі «ҮндБат» Үндістан батальонының құрамына кірді. Қазақстандық бітімгершілер бағытының негізгі мақсаты - Үндістан Республикасының бітімгершілік тәжірибесін зерделеу және сондай-ақ оны бітімгершілік миссияларда қолдану.

Үндістанның беделді журналында Қазақстан туралы материал жарияланды

Күн сайын үндістандық және қазақстандық бітімгерлер кемінде 50 міндетті бірлесіп орындайды, олардың ішінде: жергілікті жерді патрульдеу, халыққа көмек көрсету, бақылау бекеттерін ұйымдастыру және миссия штабының басқа да іс-шараларына қатысу. Сондай-ақ әскери қызметшілер өз елдерінің мәдениетімен, дәстүрлерімен және тұрмысымен танысатын бірлескен мәдени іс-шаралар өткізеді.

БҰҰ-ның Ливандағы миссиясының қолбасшылығы коалициялық операцияларды жүргізудің нақты ұрыс жағдайларында көпұлтты күштер құрамында өзара іс-қимылдың бірегей тәжірибесіне ие болған үндістандық және қазақстандық бітімгерлердің кәсіби деңгейін жоғары бағалайды.

Бітімгершілік миссияларға қатысуға дайындық аясында қазақстандық әскери қызметшілер шетелдік нұсқаушылардың, оның ішінде үнді бітімгерлерінің басшылығымен БҰҰ-ның Нью-Делидегі дайындық орталығында және Алматы қаласындағы «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығында (КАЗЦЕНТ) оқудан өтіп, БҰҰ-ның сертификатын алатынын айта кеткен жөн.

Ливанда бітімгершілік қызметті жүзеге асыру кезінде қазақстандық бітімгерлер алған тәжірибесін, жоғары жауынгерлік машығы мен кәсібилігін көрсеткені айтылады.

Қазір тараптар қазақстандық бітімгершілік контингентінің UNIFIL-де үнді бітімгершілік батальонының құрамында болу мерзімін ұзарту туралы мәселе шешілуде.

Өзгелердің жаңалығы