Үндістанның солтүстік-шығысындағы көмір кенішіне су толып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің хабарлауынша апаттан 3 адам көз жұмған. Жер астында әлі 9 жұмысшы бар.
Алдын ала ақпарат бойынша қайғылы оқиғаға кеншілердің жерасты су көзіне тап болуы себеп. Құтқару ісі күн-түн демей жүріп жатыр. Операцияға жерасты суының кідіріссіз құйылуы мен үгілген топырақ кедергі жасауда.
Оқи отырыңыз: