Тирупати қаласына діндарлар елдің түкпір-түкпірінен келген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ntv.ru-ға сілтеме жасап.
Үндістанның оңтүстік-шығысындағы Андхра-Прадеш штатындағы ғибадатхана маңында адамдардың өте көптігінен ондаған адам жаншылып, зардап шекті.
Жүздеген діндар Тирумала Венкатешвары ғибадатханасындағы индустардың діни фестиваліне келген. Ғибадатхананың қақпасы ашылғанда фестивальге кіруге билеттер үшін кезек басталған. Адамдардың көптігінен қақтығыс болып, кем дегенде алты адам жаншылып қайтыс болса, тағы 40-қа жуық зардап шегуші әртүрлі ауырлықтағы жарақатпен ауруханаларға жеткізілді.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Оқиғаның себептерін тергеу басталды.