Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда тұрғындарды тегін вакциналау науқаны басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Бірақ жергілікті үкімет шешіміне сәйкес, ақысыз препарат тек ересектерге ғана егіледі. Жастар жағы вакциналау орталықтарына кіргізілмейді. Осыған байланысты олар жеке клиника көмегіне жүгінуге мәжбүр.
Жалпы елдегі вакциналау бағдарламасы бойынша Үндістанда өндірілетін екпенің 75 пайызын үкіметтің өзі сатып алып, штаттарға үлестіреді. Ал 25 пайызын жеке клиникалардың сатып алуына рұқсат етілген.
Тегін вакцина алу өте қиын болды. Жеке ауруханаларда оның бір дозасы шамамен 17 доллардан сатылады. Сондықтан осы күнге дейін вакцинаның тек алғашқы дозасымен жүрдік. Бүгін, міне, препараттың екінші данасын алуға жазылып отырмыз, – дейді екпе алушылардың бірі.