Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланың жүздеген тұрғыны тағамнан табылған ауыр металдармен және пестицидтермен улануы мүмкін.
Үндістанның Элуру қаласы тұрғындарының жаппай ауруының себебі сынаппен және басқа ауыр металдармен улану болуы мүмкін. Бұл туралы 12 желтоқсан күні Андхра-Прадеш Үкіметінің бас министрі Джаганмохам Реддиге сілтеме жасаған «Hindustan Times» басылымы хабарлады.
Ұлттық тамақтану институты күріште сынап іздерін, сондай-ақ көкөністерде пестицидтер мен гербицидтердің қалдықтарын көп мөлшерде тапты. Сонымен қатар аурудан зардап шеккендердің қанында органофосфат қосылыстарының қалдықтары анықталған, енді олардың адам ағзасына қалай енгенін анықтау керек, - деді Редди.
Зардап шеккендердің жалпы саны 613-ке жетті. Оның 13-і стационарлық ем алуда, қалғандары ауруханадан үйге шығарылды. Үш науқас қайтыс болды, олардың екеуінің өліміне созылмалы аурулар себеп болуы мүмкін.
Белгісіз дерттің тууына не әсер еткені әлі күнге дейін түсініксіз. Бұрын пациенттердің қанында қорғасын мен никель табылған, бірақ дәрігерлердің тұжырымы ауызсуда инфекцияның болуын жоққа шығарады. Дегенмен Элуру аудандарының бірінде су сынамалары нәтижесінде суда пестицидтер мөлшері қалыпты деңгейден мың есе асқанын анықтады, - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, Элуру тұрғындары бір апта бұрын белгісіз аурумен ауыра бастаған болатын.