Үндістанда соңғы күндері 116 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

8 Сәуір 2021, 08:43
1368
Бөлісу:
Үндістанда соңғы күндері 116 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі күн бұрын да көрсеткіш 100 мыңнан жоғары болған, деп хабарлайды 24.kz.

Мұнда вирустың қос мутациясы анықталған. Денсаулық сақтау министрі алдағы 4 апта індетпен күрес үшін маңызды кезең екенін айтады. Сол себепті билік тұрғындардан сақтық ережелеріне жауапкершілікпен қарауын сұрап отыр. Жалпы кейінгі кезде көпшілік сақтық шараларын да елемейтін болған.

Елде 3 жарым миллионға жуық адамға екпе салынды. Сөйтіп бүгінге дейін препаратты 87 миллионнан аса тұрғын алған.

Ауру деңгейі күрт артып кеткенін бәріміз де көріп отырмыз. Вирус былтырмен салыстырғанда, тез тарап барады. Сондықтан сақтыққа салғырт қарамау керек. Алдағы ай вируспен күрестегі шешуші кезең болмақ, – деп мәлімдеді Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Винод Кумар Пол.

Өзгелердің жаңалығы