Үндістанда қираған көпірге қатысты 9 күдікті қамалды

1 Қараша 2022, 18:57
870
Бөлісу:
Үндістанда қираған көпірге қатысты 9 күдікті қамалды

Полиция өкілдерінің айтуынша, олардың арасында мердігерлер мен билет сатушылар бар. Мамандар қайғылы оқиғаның алдында бір топ адамның көпірді теңселтпек болған әрекеті бейнекамераға түсіп қалғанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. 

Бұны апат орнында болған куәгерлер де растап отыр. Әзірге көпірде адам санын бақылауда ұстай алмаған 3 күзетші, бірнеше кассир мен құрылыстың жөндеу жұмысына жауапты екі адамға қатысты іс қозғалды.

Естеріңізге салайық, Гуджарат штатында аспалы көпірдің опырылуынан 141 адам мерт болған еді. Марқұмдардың арасында балалар мен әйелдер көп. Құрылыс нысаны қирағанда онда 500-ге жуық адам болды. 

Тергеу ісі жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы