Үндістанда піл адамды таптап өлтірді

Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірі жарақат алды.

 видеодан кадр: x.com/WeatherMonitors Бүгiн 2026, 19:14
Бүгiн 2026, 19:14
172
Фото: видеодан кадр: x.com/WeatherMonitors

Үндістанда ашуға булыққан піл бірнеше сағат бойы жолындағының бәрін талқандады. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірі жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ The Sun басылымына сілтеме жасап.

Үндістанның Керала штатында индуистік Махавишну ғибадатханасында бата беру рәсіміне әкелінген піл шынжырынан босап кеткен.

Ашуға булыққан жануар екі сағат бойы айналасын ойрандаған. Атап айтқанда, піл тұмсығымен тұрақта тұрған жеңіл автокөлікті тесіп, оны бүйіріне аударып, азу тістерін есігіне сұққан.

Оқиға салдарынан Коллам қаласының 40 жастағы тұрғыны қаза тапты. Ол пілді ғибадатханаға алып келген адам болған. Піл оны таптап өлтірген. Сондай-ақ тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, сүтқоректі ұзақ уақыт бойы адам денесінің жанында қалып, жақындамақ болғандарға қауіп төндіріп, медициналық көмек көрсетуге кедергі келтірген.

Пілді тыныштандыру үшін оған ұйықтататын дәрі салынған жебе атылып, кейін қасиетті орын маңындағы кокос пальмасына байланған.

Наверх