Үндістанда омикронның жаңа түрі тарап жатыр

28 Сәуір 2023, 20:20
760
Бөлісу:
Үндістанда  омикронның жаңа түрі тарап жатыр
VIDEO
Фото: 24.kz

Коронавирус толқыны қайта белең алды. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген деректері, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ковидтің бұл штамы бейресми «Арк-тур» деп аталып кеткен. Вирус негізі көздің қабынуына әкеп соғады.

Әзірге жаңа ковид түрі зерттеліп жатыр. Жергілікті билік Үндістанда қазіргі таңда 60 мың адам инфекцияға шалдыққанын мәлім етті.

Мамандар жаңа штамның тарау қарқыны өте жылдам дейді. Наурыз айының соңында ғана дертті жұқтырғандар саны 13 мың шамасында болған еді.

Бұл ауру түрі Үндістаннан бөлек, Ресейде де анықталды. Айта кетейік, жалпы пандемия басталғаннан бері, бүкіл әлем бойынша 760 млн-нан астам адам ковид жұқтырып, 7 млн-ы көз жұмған.

Өзгелердің жаңалығы